Қазақстанға қай елдерден гуманитарлық көмек жеткізілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстанға қай елдерден гуманитарлық көмек жеткізілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120799611280175.webp)
«СҚ Фармация» басқарма төрағасы Берік Шәріп төтенше жағдай режимі кезінде Қазақстанға қай елдер гуманитарлық көмек көрсеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша бірыңғай дистрибьютор елімізге келетін бүкіл гуманитарлық көмекті қабылдаушы компания болып саналады. Біз Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінен гуманитарлық көмек қабылдадық», - деді Берік Шәріп. Ол сөз арасында гуманитарлық көмек ретінде қандай заттар келгенін мәлім етті. «Гуманитарлық көмек ретінде негізінен термометр, пирометр, медициналық маскалар, бір рет қолданылатын қорғаныш киімдері (42 450 дана) секілді заттар қабылдадық. Оларды еліміздің медициналық мекемелеріне жеткіздік. Бізге сондай-ақ, 320 мың маска көмек ретінде келді», - деді «СҚ Фармация» басқарма төрағасы.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)