Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларға қаржы көзі қайдан бөлінеді?
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларға қаржы көзі қайдан бөлінеді?](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120801815927381.webp)
Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде бөлінетін қаржы көзі жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бізге көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде қаржылай қолдау көрсетіледі. Оның біріншісі – республикалық бюджет. Бұл қаржы көзі штаттан тыс табиғи төтенше жағдай бола қалған кезде қарастырылады. Бұл бағытқа 12 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Алайда биылғы көктемгі іс-шараларға, су тасқынынан кейінгі салдарын жоюға ешқандай қаржы бөлінбеді», - деді вице-министр. Ол сөз арасында қаржылай қолдау көзінің екінші бөлігі – жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражатқа да тоқталды. «Әкімдіктерден 34 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Тиісінше биыл көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларға бұл резервтен де қаражат бөлінбеді. Дегенмен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында 7-8 сәуір күндері дауыл соғып, төтенше жағдай болды. Табиғи апат жер үйлерге де, әкімшілік ғимараттарға да зиянын тигізді. Әкімдіктер осы қиындықтарды еңсеру үшін жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлген болуы керек», - деді Юрий Ильин.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)