Антисептиктер оразаны бұзбай ма?
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Антисептиктер оразаны бұзбай ма?](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212080516596925.webp)
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы онлайн брифинг барысында БАҚ өкілдерінен түскен сауалдарға жауап берді. Сұрақтардың бірінде спирт өнімі қосылатын антисептиктер оразаның бұзылуына әсер етпейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Спирт қосылатын антисептиктер оразаны бұзбайды. Қазір біз төтенше жағдай кезінде жүрміз. Сондықтан мұндай шақта адам қорғануы үшін өзінің денсаулығына зиян тигізбейтін, қайта қорғайтын дүниелерді біздің шариғатымыз қолдайды», - дейді діни басқарма басшысы. Сонымен қатар, ол Рамазан айы кезінде жақын маңда тұратын туысқандарының үйіне ауызашарға бару туралы қозғап өтті. «Құрметті ағайын, ораза кезінде туған-туысқандарымызды ауызашарға шақырғымыз келеді. Бірақ біз өзіміздің амандығымыз үшін, ағайынның амандығы үшін төтенше жағдайда карантиндегі талаптарды орындауға шақырамыз. Қазір оқшауланайық, сабыр етейік, күн жақсы болған кезде бір бірімізді қонаққа шақырамыз», - дейді Наурызбай қажы.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)