ҚМДБ басшысы ораза кезінде атқарылатын онлайн шаралар барысымен таныстырды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ҚМДБ басшысы ораза кезінде атқарылатын онлайн шаралар барысымен таныстырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120806241297098.webp)
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы онлайн брифинг барысында биылғы Рамазан айында атқарылатын онлайн жобалар барысымен таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «ҚМДБ muftyat.kz сайтында Рамазан энциклопедиясы қосымша парақшасын қосып отыр. Бұл парақшада толық Рамазан жөнінде толық ақпарат алуға болады. Hikmet TV студиясы арқылы 30 күн ораза бойы білікті имамдарымыз бен ұстаздарымыздың «30 күнге – 30 уағыз» атты онлайн жобасы жүргізіледі», - деді Наурызбай қажы. Ол сөз арасында Рамазан айында жамағатпен бірге құран кітабы толығымен онлайн арқылы оқылып, хатым жасалатынын ерекше атап өтті. «Hikmet TV студиясы арқылы Рамазан айында күн сайын «Әзірет Сұлтан» мешітінің қабырғасында күніне бір сағат арнайы онлайн хатым оқылып, қасиетті Қадір түнінде Құран хатым дұғасы жасалады. Бәрімізге белгілі, жылда мешіттерімізде Құран хатым оқитынбыз. Бірақ өкінішке орай, биыл төтенше жағдайларға байланысты бұл жоспарымызды жүзеге асыра алмайтын болып отырмыз», - деді діни басқарма басшысы
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)