«Нұрлы жол» аясында елімізде 3 мың км жол салынып, қайта жөнделді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Нұрлы жол» аясында елімізде 3 мың км жол салынып, қайта жөнделді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120804146454442.webp)
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар 3 мың шақырымға жуық автожол салынып, қайта жөнделді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде: Батыс Еуропа – Батыс Қытай — 527 км, Орталық – Оңтүстік — 324 км, Орталық – Шығыс — 795 км, Қапшағай – Талдықорған — 160 км, Астана (Нұр-Сұлтан) – Петропавл – РФ шекарасы — 177 км, Орал – Каменка — 100 км, Ақтөбе – Атырау – Астрахань — 42 км, Талдықорған – Өскемен — 20 км, Қалбатау – Майқапшағай — 18 км, Бейнеу – Ақтау — 382 км, Жетібай – Жаңаөзен — 73 км, Бейнеу – Ақжігіт — 85 км, Щучинск – Зеренді — 80 км, Таскескен – Бақты — 80 км, Астананың (Нұр-Сұлтанның) Оңтүстік-Батыс айналымы — 34 км, Сәтпаев айналымы — 15 км, Павлодар – Омбы — 59 км, Тобыл өзені арқылы өтетін көпір — 3 км. 10 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдар мен 15 мың шақырым жергілікті маңызы бар жолдар жөнделді. Бағдарламаның аяқталу қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық күйдегі республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі 88%-ға, жергілікті жолдардың үлесі 71%-ға дейін жеткізілді. «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын 2015 жылы сәуір айында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекітті.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)