Жыл басынан бері 3 мыңға жуық азамат «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесіне жүгінді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері 3 мыңға жуық азамат «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесіне жүгінді
ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Adaldyq alańy» жобасының 2020 жылдың І тоқсанындағы қызметін қорытындылады, деп хабарлайды Елорда Инфо аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, 2020 жылдың басынан бастап 2933 азамат жобалық кеңселерге жүгінген. Олардың 70%-ы өз сұрақтарына оң жауап алды. Сонымен қатар, «Ertis – adaldyq alańy» көмегімен көпбалалы отбасына мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру және Павлодар облысында фермерлік шаруашылықты субсидиялау мәселесі шешілді. «Kyzyljar – adaldyq alańy» жобалық кеңсесі денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы бойынша ауруларды қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапты. «Жобалық кеңселердің өкілдері жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халыққа онлайн ақпарат беріп, баға мониторингін жүргізеді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бірқатар өңірлерде азық-түлік тауарларының бағасы 30-40%-ға төмендеді», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігі.