Қазақстандықтар Минск қаласынан елге оралды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандықтар Минск қаласынан елге оралды
ашық дереккөз

Коронавирус індетінің таралуына байланысты азаматтарымызды шетелден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2020 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Әскери-әуе күштерінің Әскери-көлік авиациясының атсалысуымен Қазақстан азаматтары Беларусьтен Отанына сәтті оралды. Бұл туралы Елорда Инфо тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Беларусь Республикасы мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен 40 отандасымызды, оның ішінде кәмелет жасқа толмаған алты баланы Қазақстанға қайтару жұмысы сәтті жүргізілді. Азаматтарымызбен жол бойы әскери дәрігерлер еріп жүрді. Қазақстандықтардың денсаулығы жақсы, олардың арасында коронавирус жұқтыру белгілері тіркелмеген. Дегенмен еліміздегі талаптарға сай, оларды инфекциялық бақылау талаптарын сақтай отырып, медициналық тексеру және карантин күтіп тұр. Бұл іс-шара Беларусь аумағындағы Қазақстан азаматтарына күнделікті көмек көрсетуді жалғастырып жүрген Қазақстанның Минск қаласындағы елшілігі дипломаттары мен қызметкерлерінің тиімді жұмысының арқасында жүзеге асты.