Алтай Көлгінов ардагерлерді Жеңіс күні мерекесімен құттықтады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алтай Көлгінов ардагерлерді Жеңіс күні мерекесімен құттықтады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120680944407678.webp)
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. Батырлар соғыс жылдарындағы, соғыстан кейінгі өмірі туралы өз естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Ардагерлердің арқасында бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Батырларымыздың ұмытылмас ерлігіне бас иеміз. Бүгін Мемлекет басшысы атынан ардагерлерімізді құттықтадым.
95 жастағы Барлыбай Табешұлы Курск шайқасына қатысып, артиллерист-нысанашы болып қызмет етті. Соғыстан кейінгі жылдары мұғалім болып жұмыс істеген.
[caption id="attachment_13291" align="alignnone" width="800"] Фото: Александр Куприенко[/caption]
95-жастағы Михаил Васильевич соғыс жылдарында миномет ротасының командирі болған. Ол Украин, Румыния, Молдавия, Чехия, Польша, Венгрия, Румыниядан өтті. Соғыстан кейінгі жылдары ол ЖЭО, темір жол, әуежай, вокзал және т.б. құрылыстарына қатысты.
[caption id="attachment_13293" align="alignnone" width="1280"]
Фото: Александр Куприенко[/caption]
«Ардагерлердің арқасында бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Батырларымыздың ұмытылмас ерлігіне бас иеміз. Өмір жолыңыз барлығымызға үлгі-өнеге. Жуырда Ардагерлерді Елбасы құттықтады», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
[caption id="attachment_13294" align="alignnone" width="1280"]
Фото: Александр Куприенко[/caption]
Елорда әкімдігінің қызметкерлері барлық ардагерлерді құттықтады. Үрмелі аспаптар оркестрі соғыс жылдарының әндерін ардагерлердің аулаларында орындады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда 3 688 адам біржолғы ақшалай төлем алды. Жалпы сомасы 180 млн теңгені құрады. 44 соғыс ардагеріне 1 млн теңгеден сыйақы берілді.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)