Елордада 20 сәуірден бастап қызметін жалғастыратын кәсіпорындардың жұмыс кестесі бекітілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада 20 сәуірден бастап қызметін жалғастыратын кәсіпорындардың жұмыс кестесі бекітілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120808124230668.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев төтенше жағдай режимі кезінде қызметін жалғастыратын кәсіпорындарға қатысты мәліметтерді таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Коронавирустың таралуын болдырмау және азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында қалада төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап барлық кәсіпорындар өз қызметін тоқтатты. Тек азық-түлік өнімдерін сататын дүкендер, дәріханалар және медициналық мекемелер жұмыс істеп тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты кәсіпкерлік субъектілік жұмысын кезең кезеңімен қайта қалпына келтіру шаралары басталды», - дейді басқарма басшысы. Ол өз сөзінде кәсіпорындардың тізімін мәлім етті. «Қаланың жедел штабының шешімімен 20 сәуірден бастап жұмысын жалғастыратын кәсіпорындардың тізімі бекітілді. Олар: өнеркәсіп орындары; құрылыс саласы; құрылыс материалдарын өндіру және тасымалдау, оның ішінде жолдарды салу және жөндеумен айналысатын компаниялар; санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейте отырып, жалпы көлемі кемінде 2 мың шаршы метрден асатын ірі құрылыс дүкендері; ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін компаниялар; автокөлік салондары, автобөлшек сататын дүкендер және қызмет көрсету станциялары, вулканизация, көлік жуу; химиялық тазалау және кір жуу қызметі; оргтехниканы жөндеу», - дейді Ерлан Бекмұрзаев. Сонымен қатар, аталмыш кәсіпорындардың жұмыс кестесіне де тоқталып өтті. «Осы аталған салалар үшін жұмыс кестесі таңғы 09:00-ден 18:00-ге дейін жалғасатын болады. Онлайн тапсырыс беру барысында нотариустың қызметі алдын ала жазылым арқылы іске асырылады. Сондай-ақ, мейрамханалар, кафелер бұрын 20:00-ге дейін онлайн тапсырыс арқылы жұмыс істеген болса, енді ол уақыт 22:00-ге дейін ұзартылады. Сонымен қатар, екінші дәрежелі банктер қызметкерлерінің жалпы санының 50 пайызымен 16:00-ге дейін қысқартылған жұмыс кестесімен істейтін болады», - дейді Е.Бекмұрзаев.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)