Төтенше жағдай кезінде 174 адам мобильдік орталықтар арқылы жұмыс тапты - Атамекен

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Төтенше жағдай кезінде 174 адам мобильдік орталықтар арқылы жұмыс тапты - Атамекен
ашық дереккөз

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров төтенше жағдай кезіндегі жұмыспен қамту жайлы айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Атамекен» тарапынан жұмыспен қамту проблемалары бойынша да біршама іс атқарылды. Өткен жылдан бастап мобильдік жұмыспен қамту орталықтары қызмет етеді. Жалпы, елімізде 31 осындай жұмыспен қамту орталығы бар. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Жамбыл облысы Қордай ауданында жұмыс жасап жатыр. Осы төтенше жағдай мерзімінде 894 тұлға жұмысқа жолданып, оның 174-і қабылданды», - деді Ербол Өстеміров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.