Елордада қоғамдық кеңестер қызметі ынтымақтастығы мәселелері талқыланды
Астанада қоғамдық кеңесі мен ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің ынтымақтастығын дамыту шеңберінде «Қоғамдық кеңестер қызметі ынтымақтастығының практикалық іс-қимылдары» тақырыбында диалог алаңының отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараны Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Астана қалалық қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдастыру» жобасын іске асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Белсенді Азамат» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен азаматтардың шешімге жүйелі көзқарасты талап ететін өтініштері бойынша бірлескен қызметтің нақты қадамдарын әзірлеу.
Отырыс барысында Астана қалалық қоғамдық кеңес мүшелері мен ІІМ-нің қоғамдық кеңес мүшелері көлденең өзара іс-қимыл жағдайында әртүрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестер қызметінің ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.
Қоғамдық кеңестер мемлекеттік шешімдер қабылданатын кезде мемлекеттік органдарга, әкімдіктерге азаматтардың ой-пікірін жеткізеді. Астана қалалық қоғамдық кеңесі азаматтармен, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істейді. Сол кезде мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, басқармаларға өзінің ұсыныстарын енгізеді. Ал кейбір сұрақтарды шешуге атқарушы органдардың шамасы келмейді, яғни ол министрліктердің құзіретіне кіреді. Сондай кезде проблемалық сұрақтарды шешу үшін елордалық қоғамдық кеңес министрліктердің жанынан құрылған қоғамдық кеңестермен қарым-қатынас орнатуы қажет деп ойлаймыз, - деді «Белсенді Азамат» қоғамдық қорының төрағасы Гамал Түзелбаев.