Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 68 адам тіркелді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 68 адам тіркелді
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша 17 сәуір сағат 10:05-тегі эпидемиологиялық жағдайды жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 68 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы – 2, Алматы қаласы – 44, Шымкент қаласы – 1, Қызылорда облысы – 9, Түркістан облысы – 2, Батыс Қазақстан облысы – 4, Атырау облысы – 1, Павлодар облысы – 2, Қарағанды облысы – 3. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 328 адам, Алматы қаласында – 461 адам, Қарағанды облысында - 87 адам, Ақмола облысында - 81 адам, Атырау облысында - 72 адам, Жамбыл облысында - 53 адам, Шымкент қаласында - 46 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 29 адам, Ақтөбе облысында - 14 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам, Павлодар облысында - 15 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 143 адам, Батыс Қазақстан облысында - 30 адам, Түркістан облысында - 55 адам, Қостанай облысында - 7 адам, жалпы 1470 науқас анықталды.