Нұр-Сұлтан көшелерінің қиылысында шектеу шаралары енгізілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтан көшелерінің қиылысында шектеу шаралары енгізілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120836526327609.webp)
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенованың шешіміме сәйкес Абылайхан - Рысқұлбеков - Мүсірепов - Мұстафин көшелерінде шектеу шаралары енгізілді. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды. Периметрде қоршау белгілері орнатылды, полиция кезекшілік атқарып жатыр. Аумақта орналасқан 9 үй карантинге жабылды: Мүсірепова 4, 7, 7/1 к-рі, Рысқұлбекова 4/1, 4/3, 16/1, 8а, Мұстафина 21, 21/5 к-рі. Бұл үйлердің тұрғындарына жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне шығуға ғана болады. Қалған жағдайларда үйден шығуға қатаң тыйым салынады. Дәрі-дәрмектерді тек тапсырыспен алуға болады. Аумақта кең көлемді дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Абылайхан - Рысқұлбеков - Мүсірепов - Мұстафин көшелерінде орналасқан үйлерде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар тұрғандықтан бұл аумақ карантинге жабылды. 16 сәуірдегі деректерге сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 22 нысан карантинге жабылды. Олар: 4 денсаулық сақтау нысаны, 2 жатақхана, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Ұлы-Дала 17/1 көшесі, 38 к-сі д.10, Е-10 көшесі д.2, Бастөбе 33 көшесі, Сығанақ көшесі, 18/1, А.Чехов көшесі 40, Мүсірепов көшесі 7, Рысқұлбеков 8а, Брусиловского көшесі 18, 187 д.20, Иманова көшесі 41, Абылайхан - Рысқұлбеков - Мүсірепов - Мұстафин көшелерінде орналасқан үйлер. Нұр-Сұлтанда №1 автопарк, екі жатақхана, 10 кіреберіс, үш денсаулық сақтау нысаны қойылған карантин алынды.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)