Қазақстан көрші елдерге гуманитарлық көмек көрсетеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан көрші елдерге гуманитарлық көмек көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120830419134437.webp)
Қазақстан көршілес мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан мен Тәжікстанға жалпы құны 3 миллион доллардан астам сомаға, әр елге 5 мың тонна ұн жеткізу түрінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Шешім халықты азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қырғыз және тәжік тараптарының ресми өтініштеріне байланысты қабылданды», - дейді ведомствоның баспасөз қызметі. Мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлескен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тәжік халқына осы қиын кезеңде қолдау білдіріп, гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Ол Тәжікстан азаматтарын Отанына жеткізуге ықпал етіп, Қазақстан аумағы арқылы жүктерді тасымалдауға көмектескені үшін де ризашылығын білдірді. Бұған қоса, Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері Мұхтар Тілеуберді және Чингиз Айдарбеков телефон арқылы сөйлесіп, қырғыз тарапы гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағаны үшін елімізге алғыс айтты. Жақын арада аталған жүктер Қырғызстан мен Тәжікстанға жеткізіледі. «Мемлекетіміз халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде жаһандық коронавирустық пандемия жағдайында шет қалмайды және серіктес елдерге қажетті гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Атап айтқанда, Қазақстан биылғы ақпанда, COVID-19 індетінің өршіп тұрған кезінде алғашқылардың бірі болып Қытайға медициналық қорғаныс құралдарын жеткізді. Осылайша, бірнеше рет әріптестік қолдау көрсетті. Жалпы, гуманитарлық көмек көрсету - еліміздің сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі. Өткен жылдары еліміз Антигуа мен Барбуда, Ауғанстан, Бангладеш, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Мьянма, Пәкістан, Сербия, Сирия, Түркия, Жапония және тағы басқа мемлекеттерге әртүрлі көмек жіберді», - делінген ақпаратта.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)