00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Astana Marathon 2022» жарысының жеңімпаздары белгілі болды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Astana Marathon 2022» жарысының жеңімпаздары белгілі болды
ашық дереккөз

Астанада жыл сайын өтетін халықаралық «Astana Marathon-2022» жарысының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Марафонға әуесқой спортшылар, ел чемпиондары және басқа елдерден келген атлеттер ең мықты атағына бақ сынады.

Жарыс жолына Қазақстанның әртүрлі қалаларымен қатар, әлемнің 10 елінен келген 2,5 мыңға жуық спортшылар шықты. Олардың арасында Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Моңғолия елдері бар.

42.2 км қашықтықта ерлер 92,76% және әйелдер 7,24% құрады. 10 км-де ерлер мен әйелдердің арақатынасы сәйкесінше 66,43% және 33,57% құрады

Халықаралық марафонға қала әкімі Алтай Көлгінов те де қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлудеміз. Қала тұрғындарының түрлі спортпен шұғылдануы үшін тиісті спорттық инфрақұрылымдар ашып, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қолдау көрсетіп жатырмыз. Елорданы спорттық кластері жақсы дамыған қала деп атауға болады. Шынайы пейілдеріңізбен бүгінгі жексенбінің таңында ұйымдастырылған шараға қатысуға белсенділік танытқандарыңызға алғысымды айтамын. Қала көшелерінің бойымен жөңкіген бұлттармен жарыса межеге жеңіл жетулеріңізге сәттілік тілеймін! – деді А.Көлгінов.

42,2 шақырымдық жарыста бірінші орынды Аман Нұркелді, екінші орынды Әкім Еркебай еншілесе, үшінші орынды Дархан Іскендір қанағат тұтты. Абсолютті санатта әйелдер арасында бірінші орын Әсел Қабылбекова, екінші орын Анастасия Мажанскаяға бұйырды. Үшінші орынды Татьяна Молчанова місе тұтты.

10 шақырымдық санатта ерлер арасында бірінші орынды Вадим Левченков, екінші орынды Дмитрий Щеглов иеленсе, үшінші орынды Әлімжан Балтабек қанағат тұтты.

Әйелдер арасында бірінші орынды Айгүл Аржаникова алса, Гүлмира Әменова екінші орыннан көрінді, ал Полина Глущенкоға үшінші орын бұйырды.

Айта кетейік, "Astana Marathon-2022" –қайырымдылық шара. Бұған дейін Astana Marathon ұйымдастырушылары қайырымдылық ұйымдары үшін 39 млн (39 425 458 ) теңгеден астам қаражат жинап, мұқтаждарға көмек көрсетті. Сондай ақ биыл "Astana Marathon 2022" аясында ең жылдам 10 қазақстандық жүгіру клуб енетін "Көшбасшылар тақтасы" рейтингін іске қосты.

Жалпы Astana Marathon-ға қатысушылар, қызығушылар қатары жылдан жылға артып келе жатыр.