Елордалықтарға 10 мыңдай маска тегін таратылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалықтарға 10 мыңдай маска тегін таратылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120838918936927.webp)
"Nur Otan" партиясы қалалық филиалының өкілдері мен Шымкент қаласының кәсіпкерлері, БПҰ мүшелері 10 мыңнан астам көп реттік маскаларды елордалықтарға таратты. Бұл туралы Елорда Инфо "Nur Otan" партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимовке сілтеме жасап хабарлайды.
Маскаларды ШОБ субъектілеріне, тәулік бойы жұмыс істейтін «Астана Энергия» АҚ қызметкерлеріне, сондай-ақ жеті блокпостта қызмет атқаратын адамдарға тарату үшін «Атамекен» ҰКП жедел штабы қабылдап алды. Апта соңына дейін медициналық қолғаптардың жеткізілуі күтілуде, олар да тиісінше қызметкерлерге таратылатын болады.
«Сонымен қатар, антисептиктерді таратуды жалғастырамыз. Бүгінге дейін дезинфекциялау құралдарын елорданың медициналық мекемелері, бақылау бекеттері, елорда департаменті, әлеуметтік қорғау басқармасының бөлімшелері алды. Ендігі кезекте - балалар үйі, әкімдіктер жанындағы мониторингтік топтардың, қалалық штабтың қызметкерлері», деп көрсетті Ерлан Каналимов.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)