Қазақстан Елшісі Украина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан Елшісі Украина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120820712515112.webp)
Қазақстан Елшісі Дархан Кәлетаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Елорда Инфо Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елші рәсім аясында өткен сұхбат барысында Қазақстанның жоғарғы басшылығының Украинамен кең ауқымды мәселелер бойынша прагматикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін растады. Сонымен бірге, ол екі ел халықтарының тығыз тарихи байланысы мен екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызды әлеуетін атап өтті. Өз кезегінде Президент В.Зеленский Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қытайдан Украинаға Қазақстанның аумағы арқылы коронавируспен күресу үшін гуманитарлық жүк жеткізуді ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Ол Қазақстанда вирустық инфекцияның таралмауы бойынша қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ Украинадан Қазақстанға отандастарымыздың тез оралуы үшін екі елдің үйлесімді әрекетін жоғары бағалады. Украина басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қоғамдастықтағы ерекше рөлі мен беделін атап өтті. Оның қазақстандық-украиналық достық қарым-қатынас орнатуға және дамытуға ерекше үлес қосқанын атап өтті. Сонымен қатар, сұхбат барысында өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы, ІТ-индустриясындағы бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Транскаспийлік халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселелері талқыланды.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)