Алтай Көлгінов елордалықтарды Отан қорғаушылар мерекесімен және Жеңіс күнімен құттықтады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алтай Көлгінов елордалықтарды Отан қорғаушылар мерекесімен және Жеңіс күнімен құттықтады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120673725227863.webp)
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/05/ddcff37bca97a10daeaa44c17b764db6.jpeg)
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Құрметті қала тұрғындары! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Ел мен жерді қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы. Бұрын ата-бабаларымыз ашық майданда қан кешіп елімізді қорғаса, бүгінде көзге көрінбейтін жаумен күрес жүріп жатыр. Ғаламдық пандемиямен күресіп жатқан еліміз бен елордамыздың аумағында қауіпті індеттің таралмауына Отан қорғаушыларымыз күш салып келеді. Бақылау өткізу бекеттеріндегі күзет, қала тіршілігін қамтамасыз ететін қызмет түрлерінің жұмысын үйлестіру, қала көшелері мен аула, үйлерін дезинфекциялау, тағы басқа маңызды жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруда кәнігі мамандардың еңбегі орасан. Ұлы Отан соғысында елі мен ұрпағының болашағы үшін қан кешкен батыр бабаларымыздың рухына мың тағзым. Көзі тірі ардагерлеріміздің де қатары сиреп қалды. Ерлік пен асқақ рухтың символдарын қадірлеп, қастерлеу – біздің борышымыз. Мемлекет әлеуметтік жағынан қамқорлық жасап келеді, қолдау үнемі жалғасады. Қалыптасқан жағдайға байланысты бұл мерекелерді атап өту әдеттегіден өзгеше болып отыр. Түсіністікпен қабылдап, мемлекетке қолдау көрсетіп отырған әрқайсыңызды шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деп жазды қала басшысы Instagram парағында.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)