Beeline 1 мыңнан астам елді мекенді мобильді желіге қосуды жоспарлап отыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Beeline 1 мыңнан астам елді мекенді мобильді желіге қосуды жоспарлап отыр
ашық дереккөз

Биыл Beeline ұялы байланыс операторы еліміздегі 1 мыңнан астам елді мекенді кеңжолақты мобильді желіге қосуды жоспарлап отырғанын мәлім етті. Сонымен қатар, ол елімізде аталмыш байланыс операторын тұтыну айтарлықтай артқанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Beeline желіні жаңғырту, арналарды кеңейту, ауылдарда кеңжолақты модильді желі салу, сондай-ақ барлық авариялық-қалпына келтіру жұмыстары бойынша 2020 жылға жоспарланған жұмыстарды жалғастыруда. Жалпы біз бір жыл ішінде ҚР барлық операторларымен бірге 1 мыңнан астам елді мекенді кеңжолақты мобильді интернетпен қамтуды жоспарладық. Жобаны жүзеге асыру басталды», - деді Beeline Қазақстан компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадин. Оның айтуынша, өткен кезеңде Beeline Қазақстан қосымша 76 елді мекенге кеңжолақты интернет қосты. «ТЖ режимі енгізілген сәттен бастап мобильді трафикті тұтынудың өсуі Beeline желісінде орташа есеппен 10%-ды құрады. Бұл әдеттегі жағдайда 5% деңгейінде сақталған ай сайынғы өсімнің аздаған артуы. Тіркелген, яғни сымды интернет трафигінің өсуі 30%-ға жетті», - деді Е.Настрадин.