14-15 сәуір күндері ел астанасында қанша адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![14-15 сәуір күндері ел астанасында қанша адам коронавирус инфекциясын жұқтырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122254921892658.webp)
14 сәуір күні Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 адам тіркелді. Олардың 5-еуі пневмония диагнозымен, ал 13-і науқаспен жақын-қарым қатынаста болғандар. Олардың бәрі дәрігерлердің бақылауында стационарда жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо. 15 сәуір күні таңертеңгі уақытта індетті жұқтырған 9 адам тіркелсе, сағат 12:30 деректерге сәйкес тағы 3 тұрғыннан коронавирус анықталды. Оның 7-еуі «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкерлері. Қазіргі таңда барлық қызметкерлер және онда ем қабылдап жатқан азаматтар арнайы тест тапсырды. Мекемеде санитарлық нормалар күшейтіліп, дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Коронавируспен күресіп жатқан қызметкерлер тұрақты түрде тесттерді тапсырып жатыр. 7 мыңға жуық экспресс-тест өткізілді. Бұл індетті жұқтырғандарды анықтауға және оларға уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 15 сәуірде тіркелген 2 жағдай – пневмония диагнозымен ауруханада болған адамдар, тағы 3-еуі – байланыста болған адамдар (оның біреуі – 2019 жылы туған бала). 15 сәуір сағат 13:00-дегі деректерге сәйкес коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам анықталып отыр. Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққан 294 адамның 110-ы емделіп шықты.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)