2,5 млн жуық адамға әлеуметтік төлемдер тағайындалды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![2,5 млн жуық адамға әлеуметтік төлемдер тағайындалды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122268333042051.webp)
2 млн 461 мың 653 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 14 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 4 млн 701 мың 179 азаматтан барлығы 6 млн 37 мың 660 өтініш келіп түсті. Осылайша, 1 млн 336 мың 481 қайталанатын өтінім тіркелді. Бірегей өтініштердің ең көп саны: Алматы облысы – 600 953; Алматы қ. – 583 981; Түркістан облысы – 577 885; Нұр-Сұлтан қ. – 376 860; Шымкент қ. – 308 981. Өңірлер бойынша келесі облыстардың тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайындалған: Алматы облысы – 374 734; Түркістан облысы – 272 126; Алматы қ. – 265 811; Нұр-Сұлтан қ. – 282 215; Жамбыл облысында – 161 745. Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді. Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)