Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне арнап 1 млн медициналық маска тігілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне арнап 1 млн медициналық маска тігілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721208296514962.webp)
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ішкі істер Министрлігі қызметкерлерін қорғану маскаларымен қамтамасыз етті, деп хабарлайды Елорда Инфо аталған қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР ІІМ қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінің өндірістік нысандарында 1 млн медициналық маскалар тігілді. Қорғану құралдары қызметкерлердің пайданауына берілді және ІІМ жеке құрамының қажеттілігін жапты. Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» қоры коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу үшін 450 млн теңге жұмсады. Қаржы Денсаулық сақтау министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бөлінді. Әр ведомство 150 млн теңгеден алды. Елде төтенше жағдай хабарланғаннан кейін Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша сотталғандар қорғану маскаларын тігуге кірісті.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)