Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жіберді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жіберді
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың ҚР-дағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өтіп, оның барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» атты мақалаға қатысты наразылық білдірілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Елорда Инфо хабарлайды. Қытай Елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіндігі атап өтілді. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті. Сондай-ақ, ҚР-ның Бейжіңдегі Елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады.