00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «ASTAUFEST-2022» III халықаралық фестивалі өтеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «ASTAUFEST-2022» III халықаралық фестивалі өтеді
ашық дереккөз

Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен 4-6 қазан аралығында Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі «AstauFest-2022» III Халықаралық фестивалін өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.  

Халықаралық аспазшылар күнін мерекелеу аясында өткізілетін фестиваль, аспазшы, кондитер, даяшы мамандығын жетілдіруге, жалпы, жоғары кәсіби асхана шеберлігін насихаттауға бағытталған. Студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға, түрлі аймақтардан келген қатысушыларды біріктіру, пікірлесу  және халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.

Халықаралық фестивальге Сеул қаласының Тамақтандыру институты (Корея), Өзбекстан аспазшылары қауымдастығы,  Анталия қаласының Тамақтандыру және қонақ үй бизнесінің колледжі (Түркия), Екатеринбург қаласының сауда-экономикалық техникумы (Ресей), Қазан қаласының Халықаралық сервис колледжі (Татарстан), Якутия сервис технологиялық техникумы (Саха Республикасы) өкілдері,  «Талап» КЕАҚ, «Атамекен» ҰКП өкілдері, әлеуметтік серіктестер, республиканың Орал, Көкшетау, Теміртау Талдықорған, Павлодар, Көкшетау, Ақтобе, Алматы, Астана қалаларының оқу орындары оқытушылары мен студенттері қатысады.

Фестивальде конкурстық бағдарлама және конференция, байқаулар, шеберлік сыныптары, тренингтер, т.б. болады.

Халықаралық фестиваль креативті мамандардың өз идеяларын талқылап, жүзеге асырудың жаңа тетіктерін іздейтін, жаңаша шешімдер қабылдап оны қазақстандық білім беру саласына енгізетін ортақ алаңға айналып отыр.

Алаң әрбір қатысушы өз туындыларын көрсетіп, өз күшін сынап, кәсіби мамандардың алғысына бөленуі үшін жасалған. Сондай-ақ аталған іс-шара халықаралық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейту, тәжірибе алмасу және гастрономиялық өнер атмосферасына ену үшін мүмкіндік береді.