«Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Роза Рымбаеваның екінші концерті көрсетіледі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Роза Рымбаеваның екінші концерті көрсетіледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122808617981618.webp)
Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп 23 наурызда «Карантиндегі жұлдыз» жобасын бастады. Бүгін аталған жоба аясында Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаеваның екінші онлайн-концерті өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Жобаны алғаш болып әсем әуенді әндерімен көрерменнің ықыласына бөленген өнер иесі Жұбаныш Жексенұлы бастаған болатын. Одан кейін Жеңіс Сейдуллаұлы, Ғаділбек Жаңай, Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева өнер көрсетті. «Сүйікті әндер мен баршаға таныс әуендер Роза Рымбаеваның жаңа онлайн концертінде бүгін жалғасын табады. Көпшілік көрерменнің сұрауы бойынша Қазақстанның халық артисі «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында бүгін, өзінің екінші онлайн-концертін ұсынады», деді мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова. Карантин жағдайына қарамастан әртістер тыңдарманнан алыстамай, өз өнерлерін Live форматында ұсынуда. Кеш барысында қазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы өнер жұлдыздарымен тікелей сұхбаттасып, ой-пікірлерін білдіре алады.
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)