17 құқық қорғау қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілінді – ПД басшысы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![17 құқық қорғау қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілінді – ПД басшысы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122095230076230.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов осыған дейін 2 мың полиция қызметкерінің тест тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Өкінішке қарай, 17 құқық қорғау қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілінді. Оның 12-сінде бүгінде зерттеулер мен тексерістердің нәтижесінде инфекцияны жұқтырмағаны анықталды. Ал қалған бесеуі әлі де карантиндік аумақта жатыр. Біз барлық шараны қолға алып жатырмыз. Қазіргі уақытта полицейлер бетперделер мен арнайы қорғаныш костюмдермен, қолғаптармен және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Гигиеналық тазалықты қатаң сақтайды. Осыған дейін 2 мың полиция қызметкері тест тапсырды. Бұл жұмыстар әлі де апта сайын жүргізіліп отырады. Сонымен қатар айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы аптада 3 мың құқық қорғау қызметкері сыйақы алатын болады», – деді Е.Сәденов.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)