Елордада Төлен Әбдіктің 80 жасқа толуына орай шығармашылық кеші өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада Төлен Әбдіктің 80 жасқа толуына орай шығармашылық кеші өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172106611544272894.webp)
Бүгін сағат 18.00-де Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында көрнекті жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдіктің мерейлі 80 жасқа толуына орай «Парасат майданының жауынгері» атты шығармашылық кеш өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Кеш барысында жазушының шығармалары орындалады және тележурналист Дана Нұржігіт оқырман сұрақтарына жауап іздеп, автормен сұхбат жүргізеді.
Ақиқат пен адамгершіліктің ақ туын биік ұстаған белгілі қаламгер, Франц Кафка атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының Алтын медаль иегері Төлен Әбдіктің шығармашылық кешіне Дулат Исабеков, Бексұлтан Нұржекеев, Ұлыкбек Есдәулет сынды белгілі қаламгерлер, Секен Тұрысбек, Жанғали Жүзбаев, Сәрсенғали Жүзбаев, Айгүл Қосанова, Елмұра Жаңабергенова және өзге де белгілі өнер майталмандары ат салысады.
![Smart Astana қосымшасы арқылы балабақша кезегіне қалай тұруға болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173702655936138488.webp)
![Елордада Қарлығаш Бәкенқызының 80 жас мерейтойына арналған бенефис-концерт өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173700920119728323.webp)
![Елордадан бір түнде 25 мың текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173700419348564568.webp)
![Астанада ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173699988927933545.webp)