ТЖ кезінде елорданың блок-бекеттерінен заңсыз өтпек болған 174 адам жауапқа тартылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ТЖ кезінде елорданың блок-бекеттерінен заңсыз өтпек болған 174 адам жауапқа тартылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122097219777103.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов төтенше жағдай режимі кезіндегі тәртіпбұзушылық оқиғаларын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Полиция мен әскерилер бірлесіп, тәулік бойы патрульдеу жүргізіп жатыр. Карантин кезінде қылмыс саны 34%-ға, аса ауыр қылмыс 43%-ға, ауыр қылмыс 32%-ға төмендеді. Ұрлық, алаяқтық, бұзақылық және басқа да қылмыстар саны азайды. Жол көлік оқиғасының саны 76%-ға, зардап шеккендер 72%-ға төмендеді. Жол қозғалысы ережесін бұзғандар 67% азайды», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы. Айтуынша айтылған ескертулерге құлақ аспай, карантин режимін бұзып жатқандар да кездеседі. «Түрлі құқықбұзушылық үшін полиция бөліміне 2 838 адам жеткізілді, оның ішінде 1 770-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде қамауға алу – 166, айыппұл – 1 126, ескерту – 408, соттың қарауында – 70», - дейді Ержан Сәденов. Департамент басшысы өз сөзінде әкімдіктің коммуналдық тұрағына 588 көлік қойылғанын мәлім етті. «36 жүргізуші мас күйінде ұсталып жүргізу құқығынан айырылды. Ал 67 жаяу жүргіншіге айыппұл салынса, 135 адам әкімшілік қамауға алынды. Сол сияқты блок-бекеттер шекарасын бұзғаны үшін 174 азамат жауапқа тартылды, оның ішінде 124 адам қамауға алынды», - деп жағдайдан хабардар етті.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)