ТЖ кезінде 2 бала терезеден құлап, біреуі мерт болды – Е.Сәденов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ТЖ кезінде 2 бала терезеден құлап, біреуі мерт болды – Е.Сәденов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122097725491856.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов ересектерге үйде болғанда балалар қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау керектігін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Ересек адамдар үйде болған кезде балалардың қауіпсіздігіне аса көңіл бөлулеріңізді сұраймын. Төтенше жағдай кезінде 2 бала терезеден құлап, өкінішке қарай оның біреуі мерт болды. Одан басқа да кешкі және түнгі уақытта тыныштықты бұзу көбейді. Әрине, үйде отырудың қиын екенін түсінеміз. Дегенмен түнгі сағат 23.00-ден кейін тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз. Мұның терезеден және балконнан ән айтуға да қатысы бар. Тыныштықты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертемін. Осы жағдайды пайдалана отырып, сіздерді үйде отыруға, заңға бағынуға және ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырамын», – деді департамент басшысы.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)