Осы жылдың алғашқы тоқсанында тау-кен өнеркәсібіндегі өсім 105% құрады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Осы жылдың алғашқы тоқсанында тау-кен өнеркәсібіндегі өсім 105% құрады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721221000341270.webp)
2020 жылдың бірінші тоқсан бойынша елімізде тау-кен өнеркәсібіндегі өсім 105% құрады, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, тау-кен өндіру секторында түсті кен өндірісінің көлемі 8,1% ұлғайды. Бұл өсімге негізінен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС (+6%), «RG Gold» ЖШС (+59%), «Майнқайналтын» АҚ (+55%), «Қазхром» ЖШС (+33%) кәсіпорындарының есебінен қол жеткізілді. Темір кенін өндіру саласында оң динамика байқалып, өсім көлемі 22,2% құрады. Оң өсім «Соколов-Сарыбай өндірістік бірлестігі» АҚ (+7%), «Өркен» ЖШС (+10%), «Bapy Mining» ЖШС (+18%) кәсіпорындарында өндіріс көлемінің өсуімен қамтамасыз етілді. Көмір мен лигнит (көмір концентратын есепке алмағанда) өндіру көлемі 100,2% құрады. Өсім негізінен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да көмір өндіру көлемінің 17%, атап айтқанда 2 218 мың тоннадан 2 597 мың тоннаға дейін өсуімен қамтамасыз етілді.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)