Елімізде биылғы бірінші тоқсанда өңдеу өнеркәсібінде өсім 8,8% құрады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде биылғы бірінші тоқсанда өңдеу өнеркәсібінде өсім 8,8% құрады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212210044673409.webp)
Елімізде биылғы бірінші тоқсанда өңдеу өнеркәсібінде өсім 8,8% құрады. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қара металлургияда өндіріс көлемі 101,5% құрады. Оң өсімге «АрселорМиттал Теміртау» АҚ -да болаттың 26%, «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС арматура прокаты 45 %, «Кастинг» ЖШС үздіксіз құйылған шаршы дайындамалары 8,7%, «АРАЗ» ЖШС рельстер 24% сияқты кәсіпорындардың өндіріс көлемінің артуы арқылы қол жеткізілді. «Түсті металлургияда өндіріс көлемі 8,1% өсті. Өндіріс көлемі келесі кәсіпорындар арқылы артты: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-да: тазартылған мыс 19% , мыс катанкасы 101%, құймадағы алтын 14%, түйіршіктелген күміс 29%; «Қазмырыш» ЖШС-да: металл мырыш 3%; «Кастинг» ЖШС-да: мыс сымы 92%, жез қорытпасы 46% ; «Қазақстан Алюминий» АҚ-да: глинозем 1%; «Тау-Кен Алтын» ЖШС-да тазартылған алтын 33%, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да бастапқы алюминий 2%, «Қостанай минералдары» АҚ–да хризотил 7%, «Коунрад мыс компаниясы» ЖШС –да катодтық мыс 17 % артты», делінген хабарламада. Машина жасау саласында өндіріс көлемі мына көлемдердің ұлғаюы есебінен 30,4% өсті: автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 69,5% басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар 20,7%, электр жабдықтары 17,8%, өзге де көлік құралдарын жасау 53,6%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 6,2%, компьютерлер жасау 9,6% өсті. Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 32,2% өсті. Өсім «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-де шығаратын өнім көлемінің 6 есеге артуымен байланысты болды. Бұдан басқа, «СК-Фармация» дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұлғаюымен қамтамасыз етілді. Жеңіл өнеркәсіпте жалпы өндіріс 14,2% өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 12,3%, былғары және оған жататын өнімдердің 18,9%, киім өндірісінің 14,7% ұлғаюына байланысты. Қазіргі уақытта «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде саланың дамуы бойынша бірқатар нормативтік актілер мен жүйелі шаралар қабылдануда.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)