42 500 теңгені заңсыз алғандар жауапкершілікке тартыла ма – министр жауабы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
42 500 теңгені заңсыз алғандар жауапкершілікке тартыла ма – министр жауабы
ашық дереккөз

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге алған азаматтардың алдағы уақытта қалай тексерілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «42 500 теңгені жұмыс істемейтін азаматтар немесе зейнеткерлер заңсыз алса, кейін олар жауапкершілікке тартыла ма?» деген сұраққа министр былай деп жауап берді: «Кейін жаппай тергеу жүргізбейміз. Төтенше жағдай өткен соң тек жұмыс берушілер ғана тексеріледі. Ал қазіргі уақытта табысынан айырылған ресми немесе бейресми жұмыс істейтін азаматтардың өтініші тексеріледі. 42 500 теңгеге ие болғандар осы қаржыны керегіне жаратсын. Олар осы әлеуметтік жәрдем қажет болғандықтан, алды. Біз оларға сендік», деді министр.