Бүгіннен бастап «Qazaqstan» телеарнасы да бейнесабақтарды көрсетеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бүгіннен бастап «Qazaqstan» телеарнасы да бейнесабақтарды көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122743447317111.webp)
13 сәуірден бастап еліміздегі орта білім беру ұйымдарына арналған бейнесабақтар «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан көрсетіле бастады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Телесабақтар дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 08:00-ден бастап 11:00 аралығында 1-6 сыныптың оқу пәндері бойынша қазақ тілінде өткізіледі. «Qazaqstan» телеарнасын www.qazaqstan.tv ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан онлайн көруге болады. «Android», «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store»,«Play Market» сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған», - делінген хабарламада. Бейнесабақтар сонымен қатар «Qazaqstan» телеарнасының You Tube желісіндегі ресми арнасы мен Facebook парақшасында тікелей трансляцияланады. 2020 жылғы 6 сәуірден бастап еліміз бойынша 3,2 млн оқушы қашықтан оқуды бастады. Осы мерзімнен бастап қазақ тілінде білім алатын 1-11 сынып оқушылары үшін бейне және аудиосабақтар «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Balapan» телернасы мен «Qazaq radiosy» арқылы ұсынылып келеді.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)