Астанада 61 мыңнан астам адамға 42,5 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астанада 61 мыңнан астам адамға 42,5 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122747313407133.webp)
42,5 мың теңге болатын әлеуметтік көмекті алу үшін 200 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік төлем алушылардың тізімі кеңейтілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен (МӘСҚ) бірлесе қарастырып жатырмыз. Қалалық штаб демалыссыз күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Өтінішті «Электрондық үкімет» веб-порталы, telegrambot egov.kz немесе 42500.enbek.kz сайты арқылы электрондық форматта беруге болады», - деп жазады қала әкімі Қосымша ақпарат алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына 55-14-87, 55-01-74, 55-69-59, 55-67-12, 109 (iKomek) хабарласуға болады. «Сондай-ақ, халықты қолдаудың басқа да шараларын іске асырып жатырмыз. 4 АЕК мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмекті 41 мың отбасы алады. Олар – I,II, III топтағы мүгедектігі бар азаматтар, ерекше қажеттілігі бар балалар, ерекше қажеттілігі бар баланың күтімімен айналысатын ата-аналар, АӘК алушылар», - дейді Алтай Көлгінов. Елбасының тапсырмасына сәйкес халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына «Birgemiz» ҚҚ картаға 50 000 теңге аудара бастады. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясымен бірлесе отырып, «Birgemiz» акциясы аясында 6 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеті берілді. Наурыз айында азық-түлік себеті түріндегі кепілді әлеуметтік пакетті 2700 отбасыдан астам алды, 4,5 мың бала қамтылды. Мемлекеттік әлеуметтік көмек сәуір айында да беріледі. Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек 3 мың 400 отбасыға тағайындалды.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)