«Коронавирус жұқтыру қаупі жойылған жоқ» - елорданың қалалық штабында мәлімдеме жасады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Коронавирус жұқтыру қаупі жойылған жоқ» - елорданың қалалық штабында мәлімдеме жасады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122749038993466.webp)
Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық штаб қала тұрғындарын коронавирустың таралу қаупі әлі жойылмағаны туралы хабардар етеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Президент тапсырмасына сәйкес карантин режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды. Осыған байланысты қоғамдық көліктің жұмысы да тоқтатылады. 12 сәуірде елордада инфекцияны жұқтырған тағы 7 адам тіркелді. Тұрғын үй кешенінің 4 кіреберісі мен жатақхана карантинге жабылды. Осыған дейін коронавирус жеке такси жүргізушісінде және №1 автобус паркінің қызметкерінде анықталды. Олармен байланыста болған барлық тұлғалар анықталды. Байланыста болған тұлғалар қатарында медицина қызметкерлері де бар. 13 сәуір күні Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. Отырыс барысында жұмысын қайта бастай алатын кәсіпорындардың нақты тізімі қаралады. Кәсіпорын қызметі біртіндеп жаңартылады. Алайда жұмысын қайта бастайтын нысандар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге міндетті болады. Карантин режимінің өзгеруі туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында шығады. Тұрғындар тек ресми ақпарат көздері мен ресми хабарламаларға жүгінуі қажет. Тәртіпбұзушылық фактілері қатаң түрде жазаланады. Тұрғындарға үйден шығуға қатаң тыйым салынады. Жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға, медициналық қызмет алу үшін және жұмысқа бару үшін үйден шығуға рұқсат. «Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтап, барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс. Қазіргі таңда біз осы жағдайға немқұрайлы қарап отырған тұрғындардың бар екенін көріп отырмыз. Көшеде жүруге қатаң тыйым салынады. Инфекцияның таралуына және коронавирустың өршуіне жол бермеу қажет. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы туралы ойлаңыз», - деп атап өтті қалалық штабта. Адам көп жиналатын орындар, кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар, кафелер (онлайн-тапсырыстардан басқа) жабық қала береді. Қоғамдық көлік жұмысы жаңартылмайды.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)