Қазақстанға көмекке келген қытайлық дәрігерлер тексерістен өтті ме

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанға көмекке келген қытайлық дәрігерлер тексерістен өтті ме
ашық дереккөз

ОКҚ-да өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова қытайлық дәрігерлердің тексерістен өткені туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Ұшақ қонғаннан кейін Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға көмекке келген әріптестеріміз тексерістен өтті. Олардан алынған сынамадан талдама жасалды», – деді ол. Өз кезегінде қытайлық дәрігер Лу Сяобо Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы карантин уақытын созуға қатысты пікірін білдірді. «Карантин уақытын созу, әрине, кейбір қарапайым адамға тиімсіз болуы мүмкін. Бірақ бұл эпидемияны жеңуде оның көмегі зор. Қытайда да күшейтілген карантин режимінің арқасында осы індеттің беті бері қарады. Біз Си Цзинпинь мырзаның бұйрығымен осында өз тәжірибемізбен бөлісуге келіп отырмыз», – деді қытайлық дәрігер.