Сәуле Қисықова Қытайдан келген дәрігерлер туралы айтып берді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сәуле Қисықова Қытайдан келген дәрігерлер туралы айтып берді
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармысының басшысы Сәуле Қисықова онлайн баспасөз конференциясы барысында Қытайдан келген мамандардың ерекшелігі жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бәрімізге мәлім, Қытайда коронавирус инфекциясын емдеумен айналысқан мамандардың атқарған іс-шаралары орнықты болды. Аз уақытта жоғары нәтижеге жеткені үшін біз осы мамандардың тәжірибесіне жүгініп, іс барысында қажет сауалдарымызға жауап алу үшін кездесіп отырмыз», - дейді Сәуле Қисықова. Ол сөз арасында қытай дәрігерлері тек қана Нұр-Сұлтан қаласында болмайтынын мәлім етті. «ҚХР-дан келген әріптестеріміз Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында 5 күннен болып, жергілікті дәрігерлермен, мамандармен тәжірибесін бөліседі», - дейді ол. Айта кетейік, басқарма басшысы онлайн баспасөз конференциясы барысында Ақмола облысындағы «Шапағат» медициналық орталығынан жаппай коронавирус инфекциясының шығу себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім еткен болатын.