Еліміздің білім саласы жемқорлықпен қалай күресіп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Еліміздің білім саласы жемқорлықпен қалай күресіп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122750342476808.webp)
2019 жылы Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аудан және қалалық білім бөлімдері, ата-аналар қауымдастығы, қамқоршылық кеңестердің өкілдері мен оқушылардың қатысуымен барлық мектепте бюджет қаражатының жұмсалуы туралы жиналыстар өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Есеп беру кездесулерінде аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға қаражат бөлу мәселелері талқыланып, ата-аналардан ақша жинауға тыйым салу, демеушілік қаржыны аудару үшін арнайы шоттардың болуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Білім беру ұйымдарының қызметі туралы ақпарат, оның ішінде бюджет, мемлекеттік сатып алулар және тағы басқа мәлімет облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерінде жарияланған», - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Сонымен қатар, ашықтық қағидаты негізінде кейбір елді мекенде бөлінген қаражат пен олардың игерілуі туралы деректен тұратын Publicbudget.kz деген интерактивті қоғамдық бақылау картасы іске қосылды. Жоба Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Қостанай қалаларында бар. «Білім бөлімінің барлығында Call-орталықтар жұмыс істейді. Байланыс орталығы және сенім телефондары туралы мәлімет жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сенім қораптары барлық оқу орнында орнатылған. Бұған қоса, Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім гранттарын бөлу рәсімдерінің ашықтығын арттыруда. 2019 жылы мемлекеттік грант бойынша барша студентке арналған ақпараттық база құрылды. Бұл ақпараттық жүйе Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қолжетімді, ол гранттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді», - дейді агенттік.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)