Елордалық құтқарушылар көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық құтқарушылар көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр
ашық дереккөз

Көктем басталысымен астаналық ТЖД қала әкімдігімен бірлесіп қаладағы су тасқынына жол бермеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде,деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астаналық құтқарушылар тәулік бойы қала ішінде ғана көршілес аудандарға да шығып, көмектесіп жатыр. «Мысалы, ауқымды жұмыстардың бірі – осы жылдың 6 сәуірінен бастап Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмыстарға барлығы 3 бірлік техника (ПНС-110, АР-2, КУНГ) және жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылды. Осы жылдың 9 сәуіріндегі жағдай бойынша 39 333 м3 көлемінде еріген су сорылды», — делінген хабарламада. Қар шығару, өзен арнасын кеңейту, бөгеттерді нығайту және су ағу мониторингісінің арқасында құтқарушылар әкімдікпен бірлесіп елордада су тасуының алдын алды.