00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қызылорда облысының тауар өндірушілері елордаға 500 тоннадан астам өнім әкеледі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қызылорда облысының тауар өндірушілері елордаға 500 тоннадан астам өнім әкеледі
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда 10-11 қыркүйекте өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Қызылорда облысы өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады Elorda.info.

Өңірдің 70-ке жуық тауар өндірушісі елордаға 500 тоннадан астам өнім әкелмек. Олар: 210 тонна асқабақ, 100 тонна күріш, 80 тонна көкөніс пен жеміс, 50 тонна асқабақ, 30 тонна балық өнімдері, 15 тонна ет, 10 тонна сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық кондитерлік өнімдер және 3 тонна ас тұзы.

Еске салайық, бұл жәрмеңке облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне өз өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз тікелей өткізуге мүмкіндік береді, нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болады.

Жәрмеңкелер 13 қарашаға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Өтетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң, Тұран даңғылы, 48.

17-18 қыркүйек күндері Алматы және Жетісу облыстарының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады.