00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Tartyl Fest: Елордадағы жарысқа 650 адам өтінім берген

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Tartyl Fest: Елордадағы жарысқа 650 адам өтінім берген
ашық дереккөз

Айта кетейік, Tartyl Fest Президент жанындағы «Дара» қоғамдық қорының қолдауымен өтіп жатыр.

Жоба амбассадоры, жаттықтырушы және актер Айтым Жақыповтың айтуынша, елордада жарысқа қатысуға 650-ден астам адам өтінім берген.

Әзірге республика бойынша турникке тартылу рекорды - 50. Оны Қарағандыда өткен фестивальде тараздық Евгений Намда орнатқан.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев, «Дара» қолдау қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев, белгілі спортшы Дамир Муминов, жоба амбассадоры Айтым Жақыпов қатысты. Олар барлық қатысушыға сәттілік пен жеңіс тіледі.

«Шынында да, бұл нағыз бұқаралық спорт түріне айналды. Мұнда ең мықтылар жеңеді. Баршаңызға зор сәттілік тілеймін, ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Бұл шараға ел бойынша 12 мыңнан астам адам қатысқанын білемін. Кей ересектер жастарды клавиатурадан бас көтермейді деп сынайды, Tartyl Fest сияқты жақсы ұйымдастырылған шаралар болса, әрине жастар көптеп қатысады», - деді Мәдениет және спорт министрі фестиваль қатысушылары мен қонақтарына.

Мәдениет және спорт министрі бұл жобаның тоқтап қалмайтынын, алдағы жылдары да ұйымдастырылуы қажет екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, турникке тартылу фестивалі 10 шілдеде Қонаев қаласында басталған еді. Кейін Түркістанда, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Қызылорда, Атырау, Орал, Ақтөбе , Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Жезқазған, Қарағанды, Өскемен, Семей қалаларында жалғасын тапты.

Жалпы фестиваль еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылды, онда қазақстандықтар ақшалай жүлдеге ие болды. Әр қалада 27 жеңімпаз таңдалады.

Бірінші орын үшін қатысушылар 200 мың теңге, екінші орын үшін – 100 мың теңге, үшінші орын үшін – 50 мың теңге ақшалай сыйлық алады.

Әр қаланың жеңімпаздары (тоғыз санатта) елордада өтіп жатқан гранд-финалға қатысуда, оның күні жақын арада белгілі болады.

Гранд-финал чемпиондары Street workout бойынша әлем чемпионатына жолдама алады.