Елімізде коронавирустан жетінші адам қайтыс болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде коронавирустан жетінші адам қайтыс болды
ашық дереккөз

Ақмола облысында коронавирустан тағы бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша 8 сәуірдің 13:45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайды мәлім етті. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi, Қызылорда облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам. Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. ⠀ Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 43 адам, Атырау облысы - 36 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 6 адам, Қызылорда облысында - 72 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 709 науқас тіркелді.