Жыл басынан бері автомобиль жолдарында 130-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері автомобиль жолдарында 130-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
ашық дереккөз

2020 жылдың қаңтарынан «QazAvtoJol» ҰК» АҚ облыстық филиалдары «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы 134 мемлекеттік қызметті көрсетті, деп хабарлайды Елорда Инфо. Дәлірек айтқанда, «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға рұқсат беру құжатын тапсыру» тармағы бойынша 37 қызмет көрсетілген. Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар арналармен, байланыс және электр қуатын беру жүйелерімен, мұнай құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беретін мемлекеттік қызмет 56 рет ұсынылған. Бұдан бөлек, «Кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға келісу» тармағы бойынша 41 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазақстанда төтенше жағдайдың жариялануына байланысты автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету штаттық тәртіпке сай жүзеге асырылып жатқандығын айта кету керек. Еске салайық. 2019 жылы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ 906 мемлекеттік қызметті көрсеткен болатын.