Шахматтан «UIDE BOL CUP 2020» республикалық онлайн-турнирі өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Шахматтан «UIDE BOL CUP 2020» республикалық онлайн-турнирі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122782730570869.webp)
11 сəуірде Мəдениет жəне спорт министрлігі жəне «Кселл» АҚ-ның қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы мен Киберспорт федерациясы бірлесіп, блиц-шахматтан «UIDE BOL CUP 2020» республикалық онлайн-турнирін өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бəсеке барлық шахмат сүйер қауымға карантин кезінде уақытты қызықты өткізіп қана қоймай, «Кселл» АҚ ұсынып отырған жалпы жүлде қоры 2 миллион теңге жолында күш сынауға тамаша мүмкіндік. Блиц-дода chess.com шахмат платформасында өтеді. Тіркеу 10 сəуірге дейін PINGER.PRO порталында жалғасады. Ал жарыс 11 сəуір Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталады. Бүгінге дейін 1 330 адам онлайн-бəсекеге қатысуға ниет білдірген. Ойын швейцариялық жүйемен өтеді. Əр қатысушыға партия аяқталғанға дейін 3 минут уақыт беріледі.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)