«Қазпошта» виртуалды карта қызметін іске қосады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қазпошта» виртуалды карта қызметін іске қосады
ашық дереккөз

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов төтенше жағдай режимі кезінде атқарылып жатқан шаруаларды мәлім ете отырып, виртуалды карта шығару қызметі іске қосылатынын жеткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біздің «Қазпошта» арқылы 7 сәуір күні түске дейін 126 204 шот ашылды, ал 163 129 адам ҚҚС төлемін төледі. ҚҚС-ны онлайн төлеу жөніндегі нұсқаудың бәрі «Қазпоштаның» әлеуметтік желілерінде, ресми сайтымызда көрсетілген. Сізге ыңғайлы болу үшін қазіргі уақытта post.kz сайтында шотты онлайн ашып, виртуалды карта шығару қызметін іске қосу мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Қызметтің іске қосылуы туралы қосымша хабарлаймыз», - дейді Сәкен Сәрсенов. Сөз арасында ол «Қазпошта» бөлімшесіне келіп, қызметіне жүгінгісі келген адам қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы керектігін баса айтты.