AliExpress-пен тауар тасымалы жақын арада қайта жанданады – Сәкен Сәрсенов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
AliExpress-пен тауар тасымалы жақын арада қайта жанданады – Сәкен Сәрсенов
ашық дереккөз

«Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов ОКҚ-да өткен брифингте AliExpress-пен  тауар тасымалының жақын арада қайта жанданатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қытай елімен арадағы шекараға шектеу қойылып, әуерейстері тоқтағаннан кейін тасымалдау қызметінде біраз қиындықтың туындағаны белгілі. AliExpress-пен жеткізілетін тауарлар біраз уақыт контейнерлер арқылы тасымалданып тұрды. Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасындағы жағдайдың біршама жақсаруына орай жақын арада тасымалдау қызметін қайтадан жаңғыртамыз. Жеткізу уақыты да қысқарып, біртіндеп бұрынғы режиммен жұмыс жүргіземіз. Сондықтан тапсырыс берсеңіздер, тауарларыңыз уақытында жеткізілетін болады», – деді С.Сәрсенов. Сондай-ақ ол «Қазпочта» АҚ мамандарының ешқайсысы әзірге коронавирус инфекциясын жұқтырмағанын да тілге тиек етті.