Алакөлге әуе рейстері ашылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алакөлге әуе рейстері ашылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120761432520234.webp)
Алакөл демалыс аймағындағы Үржар кентіне Нұр-Сұлтан, Алматы мен Өскеменнен рейстер ашылады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. ИИДМ биыл төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл демалыс аймағына барып-қайтуға қолайлы болу үшін Үржар кентіне субсидияланған әлеуметтік маңызы бар рейстер ашуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда: Нұр-Сұлтан қаласынан Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Оған 174,3 млн теңге бөлінеді. Бір жаққа тариф құны - 16 мың теңге. Алматыдан Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 109,4 млн теңге бөлінеді. Бір жаққа тариф құны - 14 мың теңге. Өскеменнен Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы жыл бойына аптасына 1 рейстен атқарады. Бөлінетін сома – 207,7 млн теңге. Тариф құны – 10 мың теңге. 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес, биыл Үржар кентіндегі әуежайдың ұшу-қону жолағы мен әуежай ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарын бастау жоспарланған. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жобалық-бағалау құжаттамасын реттеп жатыр. Бұған қоса, Алакөлге бару үшін Нұр-Сұлтан, Алматы мен Талдоқорғаннан Үшаралға ұшып баруға болады. Министрлік елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл көлінің жағалауына барып-қайтуға қолайлы болу үшін Үшарал қаласына да субсидияланған әлеуметтік-маңызы бар рейстер орындауды жоспарлап отыр. Атап айтқанда: Нұр-Сұлтаннан Үшаралға «Qazaq Air» әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 265 млн теңге бөлінеді. Тариф құны – 16 мың теңге. Алматыдан Үшаралға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Бөлінген сома – 225,8 млн теңге. Тариф құны – 10 мың теңге. Талдықорғаннан Үшаралға «Жетісу» әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 218,7 млн теңге бөлініп, тариф құны 8 мың теңге болады. 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес, биыл республикалық бюджеттік комиссия мақұлдаған жағдайда Үшарал кенті әуежайының ұшу-қону жолағы, басқару жолы, тұрақтар мен перронды қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Жобалық-бағалау құжаттамасы пысықталып, «Мемлекеттік сараптама» РМК-нің оң қорытындысы алынған. Соған сәйкес жобаның толық құны 7,5 млрд теңгені құрайды (2020 ж - 4,7 млрд теңге, 2021 ж – 2,7 млрд теңге).
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)