00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Ата заңым – Бәйтерегім» атты кеш өтті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Ата заңым – Бәйтерегім» атты кеш өтті
ашық дереккөз

Бұл іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатыр. «Бәйтерек» монументінің алаңында өткен мерекелік концертте көптен күткен әншілер өнер көрсетті. Олардың қатарында Маржан Арапбаева, Бейбіт Қорған, Азия және Baqay тобы, Ғаділбек Жанай, Заман тобы сонымен қатар KesYOU, Qanay тіпті сонау 90 жылдардан келе жатқан хит әндерді орындаушы Өктем Алтаев және т.б. бар.

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен құттықтаймыз!  Егемендігіміздің еңсесін нығайтып, ұлттық рухымыздың адастырмас темірқазығына айналған Конституция – бабалардың даналығы мен қазіргі заманның рухын бірлестіре үйлестірген, жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың теңдігін тегіне қарамастан бекіткен ұлы құжат, - деді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы Наурызбек Нәсір.

Биыл «Бәйтерек» монументінің елордада ашылғанына 20 жыл толып отыр.

Сонымен қатар, бүгін -  күн ерекше күн. Өйткені дәл бүгінгі мейрамда, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументінің бас қаламызда салтанатты есігін ашқанына 20 жыл толып отыр. Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін!  Қос мереке құтты болсын, - деді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы Наурызбек Нәсір.

Мерекелік концертті қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

Бүгін – Ата заңымыздың туған күні. Бүкіл Қазақстан халқы осы мерекені тойлап жатыр. Концертті тамашалау үшін біз де отбасымызбен Бәйтерек алаңына келіп тұрмыз. Бастысы еліміз тыныш, жұртымыз аман, аспанымыз ашық болсын. Мейрамнан-мейрамға жете берейік, - деді елорда тұрғыны Өтеміс Қожабаев.