00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

eGov mobile пайдаланушылары смартфоннан автокөлік тарихын тексере алады

29 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
eGov mobile пайдаланушылары смартфоннан автокөлік тарихын тексере алады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұрын автокөлік тарихын тексеру қызметі электрондық үкімет порталында қолжетімді болды. Енді eGov mobile мобильді қосымшасының пайдаланушылары көлік құралының иелену тарихы туралы ақпаратты смартфондарынан бірнеше қадам арқылы тікелей ала алады. Бұл ақпарат алу процесін айтарлықтай жылдамдатып, автокөлік сатып алу кезінде тәуекелдерді азайтуға көмектеседі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сервис көлік құралының ҚР аумағында алғашқы тіркелген күні, кепіл немесе ауыртпалықтың болуы, сондай-ақ алдыңғы иелерінің жалпы саны сияқты көлік құралы туралы толық ақпаратты тексеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте алдыңғы иелердің жеке деректері құпия болып қалады.

Қызметті пайдалану үшін қосымшада автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен техникалық паспорт нөмірін енгізу жеткілікті. Осыдан кейін пайдаланушыға көліктің толық мәліметтері, соның ішінде маркасы, шығарылған жылы, қозғалтқышының көлемі, шанақтың түсі және қосымша жабдықтардың болуы ұсынылады.

Сервисті пайдалану үшін пайдаланушыға:

- eGov мobile мобильді қосымшасында авторизациядан өтіп, «Қызметтер» – «Жүргізу және көлік» – «Автокөлікті иелену тарихы» бөліміне өту;

- автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірін көрсету;

- «Іздеу» батырмасын басу;

- көлік құралы туралы толық деректі алу қажет.

Айта кетейік, сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.