Халқымыз үшін бірігуіміз керек – елорда тұрғыны жиындар жайлы айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халқымыз үшін бірігуіміз керек – елорда тұрғыны жиындар жайлы айтты
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» Жарлыққа қол қойғаннан кейін жүздеген азамат әскери жиындарға қатысуға тілек білдірді. Елорда Инфо тілшісі еріктілердің бірі, запастағы әскери қызметкер Ерсайын Балғабаевтан жиындар жайлы пікірін білген еді. 22 жастағы Ерсайын Балғабаев бас қаланың сауда орталықтарының бірінде сатушы болып жұмыс істейді. Ол арнаулы жиындар туралы ести сала, Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына хабарласыпты. «Мен бүгінгі күні сатушы-кеңесші болып жұмыс істеймін. Шақыру туралы ести салысымен, әскери жиындарға қатысуға бел будым. Бұған дейін әскерде болғам. 2017 жылы Талдықорған қаласының 5514-ші әскери бөлімінде борышымды өтедім. Мен жиындар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет деп есептеймін. Коронавирусқа қарсы шаралар күшейтілді. Әр ауданды полицейлер қадағалап отыр. Бізге халқымыз үшін бірігу керек», - деді Ерсайын Балғабаев.